«Шымкент қалалық музейлер бірлестігі» МКҚК
Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының

Бұл атаулы күн 1984 жылдан бастап аталып келеді. Ол 1983 жылы ЮНЕСКО жанындағы ICOMOS (Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау кеңесі) ассамблеясының шешімімен бекітілген.

Негізгі мақсаты - тарихи-мәдени мұраны сақтау, тарихи ескерткіштерді қорғау және қоғамның назарын осы маңызды салаға аудару.

Бүгінде Шымкент қаласында 188 тарихи-мәдени мұра нысаны бар. Оның ішінде археологиялық ескерткіштер, сәулет нысандары, киелі орындар мен монументтік өнер туындылары — барлығы да бай тарихымыздың үнсіз куәсі.

Осы құндылықтарды сақтап, ұрпаққа жеткізу жолында еңбек етіп жүрген барша мамандарды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Еңбектеріңіз еленіп, тарихи мұрамыз әрдайым жаңғыра берсін!