«Шымкент қалалық музейлер бірлестігі» МКҚК
Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының

«Шымкент қалалық музейлер бірлестігі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны - Шымкент қаласы әкімінің қаулысымен 2024 жылғы 02 тамыздағы №4106 санды Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының (әрі қарай – Басқарма) «Шымкент қалалық музейлер бірлестігі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып құрылды.

Бірлестіктің мақсаты – өлкеміздің мәдени, тарихи және ғылыми құндылықтарын сақтау, музей заттары мен тарихи ескерткіштер арқылы мәліметтерді жинақтап тарату, өскелең ұрпаққа ата-бабамыздан қалған мұралар жөнінде тәлім-тәрбие беру, сондай-ақ халқымыздың материалдық ескерткіштері мен рухани мәдениетін зерттеп, көрнектері мен көрмелері арқылы жеткізуде ғылыми зерттеу, жинақтап іріктеу, экспозициялық, археологиялық, этнографиялық, әдістемелік, ғылыми-ағартушылық, экскурсиялық қызмет көрсету арқылы уақыт талабына сай жұмыстарды атқару.

Құрамдас музейлер атауы:

  1. «Шым қала» тарихи-мәдени кешені» бөлімі;
  2. «Саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейі» бөлімі;
  3. «Сайрам музейі» бөлімі;
  4. «Абай музейі» бөлімі;
  5. «Ерлік музейі» бөлімі.