15 қазан күні Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің 25 жылдығына орай «25 жылдық мұра: Тарих және тағылым» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Конференцияның мақсаты - Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің ширек ғасырлық тарихында атқарған мәдени-ағартушылық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына баға беру болды. Сонымен қатар, конференцияда ғалымдар мен мәдениет саласы қызметкерлерінің басын қосып, жаңа ғылыми деректермен бөлісу көзделді. Конференцияға Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша саяси қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың ұрпақтары, тарихшы ғалымдар, архив мамандары және еліміздегі саяси қуғын-сүргін тақырыбында жұмыс жасайтын бірнеше музейлердің қызметкерлері қатысты.
Конференция барысында қонақтар назарына «25 жылдық мұра: Тарих және тағылым» атты көрме ұсынылып, музей экспозициясы бойынша экскурсиялар жүргізілді.
Конференцияның арнайы қонақтары:
Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Оңдасынова Мөлдір Убайдуллақызы;
«Барыс», «Парасат» ордендерінің иегері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, ақын, жазушы Ханбибі Есенқарақызы; «Қаһармандар» республикалық қоғамдық қорының Президенті, «Саяси қуғын-сүргін құрбандарының негізгі және қосалқы санаттарының іргелі зерттелуі: тарихи-құқықтық қырлары» атты мақсатты қаржыландыру жобасының Жобалық кеңсесінің жетекшісі Сабыр Ахметжанұлы Қасымов.
Баяндамашылар:
Сәуле Күлахметқызы Қожықова, Хазіретәлі Маханұлы Тұрсын, Сейдехан Нұрмаханұлы Әлібек, Сейдахан Уәлиұлы Бақторазов, Гүлнар Әмірбайқызы Жанысбекова, Мейіржан Бахытжанұлы Мұсабаев, Гүлнұр Шаймерденқызы Тулепбергенова.
Конференциядан кейін қонақтарға Шымкент қаласының тарихи-мәдени орындары бойынша экскурсия жүргізілді.



