«Шымкент қалалық музейлер бірлестігі» МКҚК
Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының

10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушысы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Хакім Абай музейінде «Абай әлемі» атты ашық есік күні ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлы ақынның өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, оның рухани-философиялық ойларын жас ұрпаққа таныту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және Абай тағылымын кеңінен насихаттау.

Ашық есік күніне арнайы келген қонақтар мен делегация мүшелеріне Хакім Абай музейінің экспозициялары бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық жолы, әдеби мұрасы, қара сөздері, аудармалары, ән өнері және қазақ әдебиеті мен руханиятына қосқан үлесі туралы мазмұнды ақпараттар ұсынылды.

Келушілер музей қорындағы тарихи жәдігерлермен және Абайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды деректермен танысып, ұлы ойшылдың рухани мұрасына қанықты.

Іс-шара барысында Абай мұрасын дәріптеу, шығармаларын кеңінен насихаттау және өскелең ұрпаққа хакімнің тағылымды ойларын жеткізу бағытындағы жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді.

Абай мұрасы – ұлттың рухани қазынасы, ұрпаққа аманат болған асыл мұра.