Бүгін «Шымкент қалалық музейлер бірлестігі» МКҚК-де Ғылыми кеңестің 2026 жылғы II тоқсандағы кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында қор сақтау және нормативтік-әдістемелік жұмыстардың өзекті мәселелері қарастырылып, музей қорындағы жәдігерлерді тақырыптық және хронологиялық тұрғыдан қайта зерделеу, қорларды есепке алу мен сақтау талаптарын жетілдіру, сондай-ақ ішкі әдістемелік құжаттарды жаңарту бағытындағы ұсыныстар талқыланды.
Сонымен қатар, күн тәртібіне «Хакім Абай» музейінің тұжырымдамасын қайта қарау мәселесі шығарылып, музейдің жаңартылған тұжырымдамасы, тақырыптық-экспозициялық жоспары және экспозиция мазмұнын жетілдіруге қатысты ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынды.
Отырыс қорытындысы бойынша Ғылыми кеңес мүшелерінің ұсыныс-пікірлері ескеріліп, қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.



