«Шымкент қалалық музейлер бірлестігі» МКҚК
Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының

Сайрамның тарихи орталығында орналасқан Мірәлі баб кесенесі — XII–XX ғасырдың басына жататын, республикалық маңызы бар сәулет ескерткіші.

Мірәлі баб ислам дінін таратуға үлес қосқан көрнекті ғалым әрі сопылық дәстүрмен байланысты тарихи тұлға ретінде халық жадында сақталған.

Кесене Сайрамның тарихи-мәдени мұрасының маңызды нысандарының бірі болып саналады. 1982 жылдан бастап мемлекет қорғауына алынған тарихи ескерткіш бүгінгі таңда зиярат ету және діни туризм нысаны ретінде де маңызға ие.

Қазіргі уақытта РМК «Қазқайтажаңарту» мекемесі тарапынан Мірәлі баб кесенесінде тарихи-мәдени мұраны сақтау және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Жұмыстардың негізгі мақсаты — сәулет ескерткішінің тарихи келбетін сақтау, оның құрылымдық жағдайын тұрақтандыру және тарихи нысанның түпнұсқалық құндылығын келер ұрпаққа жеткізу.

Тарихи мұраны сақтау — өткенді құрметтеу ғана емес, келешекке аманат қалдыру.