2026 жылғы 22–26 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде өткен «Қазақстан Республикасының музейлерін цифрландыру және дамыту» тақырыбындағы халықаралық оқу семинарына «Шымкент қалалық музейлер бірлестігі» МКҚК атынан Ғылыми-әдістемелік және экспозициялық-көрмелік қамтамасыз ету бөлімінің аға ғылыми қызметкері М. Жандарбек пен экскурсия ұйымдастырушысы Е. Әскер қатысып, музей ісін цифрландыру мен дамыту бағытындағы халықаралық тәжірибемен танысты.
Оқу семинарының қорытындысы бойынша М. Жандарбек пен Е. Әскер Шымкент қалалық музейлер бірлестігінің қызметкерлеріне арналған тәжірибе алмасу семинарын өткізіп, халықаралық оқу барысында қарастырылған негізгі тақырыптар бойынша баяндама жасады.
Семинар барысында музей қорларын цифрландыру, экспозицияларды заманауи технологиялар негізінде жетілдіру, келушілерге көрсетілетін қызмет сапасын арттыру және халықаралық тәжірибені музей қызметіне енгізу мәселелері жан-жақты талқыланды.
Сонымен қатар, Түркия музейлерінің тәжірибесі мен цифрлық технологияларды музей қызметіне тиімді енгізудің заманауи тәсілдері таныстырылып, қатысушылар өзара пікір алмасып, музей қызметін жетілдіруге бағытталған ұсыныстарын ортаға салды.
Мұндай тәжірибе алмасу семинарлары музей мамандарының кәсіби біліктілігін арттыруға, музей ісін цифрландыру үдерісін жетілдіруге және халықаралық озық тәжірибені отандық музей практикасына енгізуге ықпал етеді.



