“Шымкент қалалық музейлер бірлестігінің” директоры Ж.Құрбан және бөлім басшылары Астана қаласына іссапармен барып, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі ұйымдастырған IV Халықаралық Қазақстан музей конгресі мен «Қазақстан - Франция 2026» музеология форумына қатысты.
«Тарихи-мәдени мұраны сақтау: инновациялар және цифрлық трансформация» тақырыбында өткен халықаралық жиында музей ісін дамыту, мәдени мұраны сақтау, цифрлық технологияларды тиімді пайдалану және халықаралық әріптестікті нығайту бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды.
Бағдарлама аясында мәдени дипломатияны дамыту, заманауи музей кеңістігін қалыптастыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру және музей саласындағы инновациялық жобаларды жүзеге асыру бойынша мазмұнды баяндамалар ұсынылды.
Іс-шара қорытындысында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталып, кәсіби тәжірибе алмасуға мүмкіндік берілді.



