«Шымкент қалалық музейлер бірлестігі» МКҚК
Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының

«Шым қала» тарихи-мәдени кешенінің 5 жылдық мерейтойы аясында «Тарих қойнауындағы Шым қала» атты халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылды.

Конференцияға Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен келген тарихшы ғалымдар, археологтар, этнографтар, музей және мәдени мұра саласының мамандары қатысты.

Іс-шараның мақсаты – көне Шымкенттің бай тарихи мұрасын насихаттау, археологиялық ескерткіштерді сақтау және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту.

Конференция барысында ортағасырлық Шымкенттің тарихы, Ұлы Жібек жолының ықпалы, археологиялық мұраны қорғау және заманауи зерттеулердің нәтижелері талқыланды. Сонымен қатар, «Шымкенттің археологиялық мұрасы: жаңа зерттеулер мен тың жаңалықтар» көрмесі таныстырылып, интерактивті шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.

Қонақтар көне қалашық аумағымен танысып, тарихи-мәдени ескерткіштерге танымдық экскурсия жасады. Ұлттық аспаптар оркестрінің концерті мен қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі мерекелік шараның мазмұнын толықтыра түсті.

Бүгінде «Шым қала» тарихи-мәдени кешені Шымкент қаласының маңызды туристік және мәдени нысандарының біріне айналып, өңірдің тарихи мұрасын кеңінен танытуға қызмет етіп келеді.