«Шымкент қалалық музейлер бірлестігі» МКҚК
Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының

Бүгін «Шымкент қалалық музейлер бірлестігі» МКҚК мен Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Кездесу барысында тараптар музей ісін дамыту, тарихи-мәдени мұраны сақтау, зерттеу және кеңінен насихаттау бағытындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, бірлескен ғылыми, мәдени және ағартушылық жобаларды жүзеге асыру жөнінде келісімге келді.
Меморандум аясында алдағы үш жыл ішінде бірлескен көрмелер ұйымдастыру, ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру, музей қорларын сақтау және цифрландыру, тәжірибе алмасу, мәдени-ағартушылық бағдарламаларды әзірлеу, сондай-ақ музей мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру бағытында бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылатын болады.
Бұл ынтымақтастық тарихи-мәдени мұраны сақтау мен насихаттау ісін жаңа деңгейге көтеруге, музейлер арасындағы кәсіби байланысты нығайтуға және өңірдің бай мәдени мұрасын кеңінен танытуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.