«Шымкент қалалық музейлер бірлестігі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны - Шымкент қаласы әкімінің қаулысымен 2024 жылғы 02 тамыздағы №4106 санды Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының (әрі қарай – Басқарма) «Шымкент қалалық музейлер бірлестігі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып құрылды.
Бірлестіктің мақсаты – өлкеміздің мәдени, тарихи және ғылыми құндылықтарын сақтау, музей заттары мен тарихи ескерткіштер арқылы мәліметтерді жинақтап тарату, өскелең ұрпаққа ата-бабамыздан қалған мұралар жөнінде тәлім-тәрбие беру, сондай-ақ халқымыздың материалдық ескерткіштері мен рухани мәдениетін зерттеп, көрнектері мен көрмелері арқылы жеткізуде ғылыми зерттеу, жинақтап іріктеу, экспозициялық, археологиялық, этнографиялық, әдістемелік, ғылыми-ағартушылық, экскурсиялық қызмет көрсету арқылы уақыт талабына сай жұмыстарды атқару.
Құрамдас музейлер атауы:
- «Шым қала» тарихи-мәдени кешені» бөлімі;
- «Саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейі» бөлімі;
- «Сайрам музейі» бөлімі;
- «Абай музейі» бөлімі;
- «Ерлік музейі» бөлімі.
Бірлестіктің бөлімдер атауы:
- Ұйымдастырушылықты қамтамасыз ету бөлімі
- Тарихи-мәдени мұраны қорғау және есепке алу бөлімі
- Ғылыми-әдістемелік және экспозициялық-көрмелік қамтамасыз ету бөлімі
- Шаруашылықты қамтамасыз ету бөлімі
- "Саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейі" бөлімі
- "Хәкім Абай музейі" бөлімі
- "Ерлік музейі" бөлімі
- "Шым-қала" тарихи-мәдени кешені" бөлімі
- "Сайрам музейі" бөлімі