Без категорий
2009 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің қолдауымен «Абай музейінің» ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев келіп, алғашқы көрермен ретінде жаңа ашылған музеймен танысып, өзінің оң бағасын берген болатын. «Абай музейі» Шымкент қаласының Абай ауданы, Абай саябағында орналасқан.
Аумағы 950 м.кв алып жатыр, музей ғимаратының жалпы ауданы 490 м.кв., экспозиция ауданы 345 м.кв.
2024 жылдың қараша айынан «Шымкент қалалық музейлер бірлестігі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына қарасты «Абай музейі» бөлім ретінде өз қызметін атқарады.
Музей 4 залдан тұрады:
- Зал Абайдың балалық шағынан даналық шағына дейін айтылады
- Абайдың жұмыс бөлмесі.
- Абайдың шығармашылығы және шәкірттері мен абайтанушылар.
- Медиязона дөңгелекүстөл, іс -шаралар, Абай шығармармаларымен танысатын кітапханадан тұрады.
Почта:
Instagram: abaimuseum_
Facebook: abaimuseum
Жұмыс уақыты:
Дүйсенбі – жұма 09:00-18:00
Мекенжайы: Шымкент қаласы, Тұран аудан, Б. Момышұлы 20 В
Бөлім меңгерушісі
Үркінбаева Жанар Шамшидинқызы
«Ерлік музейі» 2012 жылдың желтоқсан айында ашылды. 2013 жылы 19 шілдеде №85 бұйрықпен облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы «Ерлік» музейі болып бекітілді. Шымкент шаһарының «Жеңіс» саябағынан ашылған «Ерлік» музейі 493, 91 шаршы метр аумақта орналасқан, негізгі жәдігерлер орналасқан экспозиция залы 254,8 шаршы метр көлемді алыптұр. «Ерлік» музейінің экспозициясын кеңейту мақсатында жоспарланып (2018 жыл) қосымша ғимарат салынды. Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын Түркістан облысының әкімдігінің №270 2021 жылғы 9 желтоқсандағы және Шымкент қалалық әкімдігінің № 362, 2022 жылғы 3 наурыз айындағы қаулылары негізінде, Түркістан облысының коммуналдық меншігінен Шымкент қалалық коммуналдық меншігіне берілді. 2018 жылдың санағы бойынша Еңбекші ауданында 307 мыңнан астам адам саны тіркелген.
«Азаматтарға арналған үкіметі мемлекеттік коорпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша филиалына 29.03.2022 №Е 0022232454785 құжат негізінде, Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі меншігіне тіркелді.
Облыстық және қалалық қаулылары негізінде 29 наурыз 2022 жылы «Түркістан облыстық тарихи – өлкетану музейі» балансынан Ерлік музейінің ғимаратымен мүліктері қабылдау актісі бойынша, Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі балансына қабылданды. 2024 жылы қараша айында «Шымкент қалалық музейлер бірлестігі» МКҚК болып құрылды.
«Ерлік» музейі 5 залдан тұрады:
- Ұлы Отан соғысына арналған.
- Ауған соғысының тарихын баяндайды.
- Тыл еңбеккерлерінің өміріне арналған.
- Желтоқсан, Семей, Қарабах ардагерлеріне арналған.
- Егемен Қазақстан.
Аталған залдарда ардагерлердің жәдігерлері, яғни орден-медальдары, түрлі марапаттары мен куәліктері, фотосуреттері мен құжаттары. Қазіргі таңда жыл көлемінде музей қорында 984экспонат жинақталды. Жалпы экспонаттардың саны 5417. Музей қорын толықтыру мақсатында қалалық, облыстық архив, музейлермен байланысып, жұмыстар жүргізеді. Сонымен қатар, «Ерлік музейі» Ұлы Отан соғысының ұрпақтарымен тығыз байланыста. Музей Қоғамдық Бірлестігінің ардагерлерімен бірлесіп жұмыстар жүргізеді және көптеген іс-шарлар өткізеді. Ұлы Отан соғысы ардагерлердің мерейтойларын атап өту мақсатында іс-шаралар, лекциялар, көрмелер, дөңгелек үстелдер тұрақты өткізіліп тұрады. Іс-шаралар республикалық, облыстық, қалалық деңгейде өткізіліп, оларды насихаттау мақсатында БАҚ-мен тығыз байланыс жасайды.
Почта:
Instagram:erlik_museum
Facebook:Ерлік Музейі
Жұмыс уақыты:
Дүйсенбі – жұма 9:00-18:00
Мекенжайы: Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы
Тауке хан даңғылы 228 А
Бөлім меңгерушісі
Жаксыбекова Гүлзинат Сейлханқызы
«Ленин» атындағы колхоз кеңсесі ғимараты болып, 1968 жылы колхоз төрағасы О. Жамаловтың бұйрығымен (колхоз қаржысына) салынды. Ғимарат архитекторы Н. Хаджиханов еді. Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы болып, Сайрам тарихи-өлкетану музейі 1992 жылы сәуір айында тарихшы, профессор М. Мирхалдаровтың бастамасымен ашылды. Сайрам музейінің дамуына, өсуіне тарихшы, профессор М. Мирхалдаровтың қосқан үлесі көп болды. Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы болып, Сайрам тарихи-өлкетану музейі 2018 жылы ауыстырылды.
Сайрам елді мекені Шымкент қаласының аумағына қосылуына байланысты «Шым қала» тарихи-мәдени кешенінің теңгеріміне 2022 жылдың 5-наурызынан берілді.
«Шымқала» тарихи-мәдени кешенінің ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету (Сайрам тарихы, археология және этнография) бөлімі ретінде 2023 жылдың 4-қаңтарынан қызметін атқарды.
2024 жылдың қараша айынан «Шымкент қалалық музейлер бірлестігі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының «Сайрам музейі» бөлімі болып қызмет атқарып отыр.
Музейдің жалпы көлемі 800 шаршы метрді құрайтын 2 қабатты ғимаратта орналасқан, оның ішінде экспозиция 360 шаршы метр, қор қоймасы 40 шаршы метр жерді алып отыр. 2006-2008 жылдары күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Музей экспозициясы 10 залдан тұрады:
- «Археология» экспозициялық залы;
- «Қазақ этнографиясы» экспозициялық залы;
- «Исфиджаб қаласының шаруашылығы» экспозициялық залы;
- «Екінші дүниежүзілік соғысы» экспозициялық залы;
- «Қоныс аударған славяндардың тұрмысы» экспозициялық залы;
- «Өзбек этнографиясы» экспозициялық залы;
- «Тәуелсіздік» экспозициялық залы;
- «Еңбек ардагерлері» экспозициялық залы;
- «Табиғат» экспозициялық залы;
- «Тарихи-орындар» экспозициялық залы.
Музей қорында 9 мыңға жуық жәдігер бар. Музей қорын толықтыру мақсатында аудандық, қалалық, облыстық архив, музейлермен байланысып, жұмыстар жүргізеді. «Менің туған өлкем» тақырыбындағы қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру бағытында сансыз баптар мекені – Сайрам туралы мәліметтер, ғылыми деректер жинақталады.
Instagram: sairam_museum
Эл. почта:
Жұмыс уақыты: Дүйсенбі-сенбі 09:00-18:00
Мекенжайы: Шымкент қаласы, Қаратау ауданы,
Сайрам тұрғын алабы, Ибрагим ата көшесі, 120
Бөлім меңгерушісі
Ағмысова Әлия Өмірзаққызы
«Шымкент қалалық музейлер бірлестігі» «Саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейі» бөлімі 2001 жылы 2 қарашасында ҚР тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың тікелей қатысуымен ашылған. Музей ел тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай, мемлекетіміз бен қоғамымызда әділеттілікті қалпына келтіру жолында, өткен ғасырда саяси қуғын-сүргінге ұшырап, жазықсыз құрбан болғандарды мәңгі есте сақтау, өскелең ұрпақтың санасына тарихымыздағы «ақтаңдақтардың» себептерін жеткізу мақсатында ашылған.
Қуғын-сүргін, яғни, «Репрессия» түсінігінің түп-төркіні мемлекеттік органдарының өз халқына жүргізген қуғындауын, жазалауын, басып – жаншуын білдіретін, латын тіліндегі «repressio» сөзінен шыққан.
Музейдің тақырыпқа сай жасалуына, негізгі идеясын жүзеге асуына ҚР еңбегі сіңген өнер қайраткері суретші Аманжол Найманбай көп еңбек сіңірді. Музейдің ішкі, сыртқы дизайны қаралы кезеңнің бет-бейнесін сипаттайтындай етіп жасалған.
1) Халықтың басына түскен қаралы кезеңі – қара түспен.
2) Сталинизмнің қолшоқпары болған: ГПУ, НКВД қызметкерлерінің сұр түсті формасына орай сұрқай кезең – сұр түспен.
3) Жазықсыз қуғын-сүргіннен құрбан болған миллиондаған адамдардың қаны – қоңыр қызыл түспен берілген.
Музей үш залдан тұрады:
- Экспозиялық зал
- «Тағзым» зал
- Кино зал
Экспозиция 12 бөлімнен тұрады, олар:
- «Алаш» партиясы;
- «Ашаршылық»;
- «Созақ көтерілісі»;
- «Адай көтерілісі»;
- Еңбекпен түзету лагерьлері орналасқан ҚР картасы;
- «Оңтүстік Қазақстан бойынша жазықсыз жазаланғандар»;
- «Азаптау бөлмесі» немесе «Сұрақ – жауап камерасы»;
- «Карлаг» еңбекпен түзету лагері;
- «Алжир» еңбекпен түзету лагері;
- «Тоталитарлық режим»;
- «Депортация»;
- «Желтоқсан 1986».
Музей экспозициясының негізгі түп қазығы – «Репрессия» атты синтездік композициялық ескерткіші болып табылады. Бұл ескерткіштегі адамдардың бет-бейнесі, жан қиналысы арқылы біздің еліміздегі Кеңестік жүйенің еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейінгі ұрпақ басынан кешірген тоталитаризмнің азапты кезеңінің көрінісі.
Экспозицияда орталық бөлігінде лайтбокстар орналасқан. Лайтбокстарда Алашорда үкіметінің, Түркістан автономиясының негізін салушылар - Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхамеджан Тынышбаев, сондай-ақ, кеңестік Қазақстанда басшылық қызмет етіп, халқының қалаулысы болған мемлекет және қоғам қайраткерлері: Тұрар Рысқұлов, Сұлтанбек Қожанов, НәзірТөреқұлов, Смағұл Садуақасов, Сейітқали Меңдешов, Темірбек Жүргенов, Ораз Жандосов; қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғалары: С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б. Майлин, Қ. Жұбановтың портреттік суреттері, өмірбаяндары мен еңбек жолдары жайлы ақпарат берілген.
Бастапқыда музей қоры 2500-ге жуық экспонатпен ашылған болса, қазіргі таңда музей қорында 16660 экспонат жинақталды. Музей қорын толықтыру мақсатында аудандық, қалалық, облыстық архив, музейлермен байланысып, жұмыстар жүргізеді. Сонымен қатар, музей саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарымен тығыз байланыста. Музей жоғары оқу орындарының ғалымдарымен, тарихшыларымен, Алаштанушыларымен бірлесіп ғылыми жұмыстар жүргізеді және аталған ЖОО студенттерінің қатысуымен көптеген іс-шаралар өткізеді. Алаш қайраткерлері мен саяси қуғын-сүргін құрбандарының мерейтойларын атап өту мақсатында іс-шаралар, лекциялар, көрмелер, дөңгелек үстелдер тұрақты өткізіліп тұрады. Іс-шаралар республикалық, облыстық, қалалық деңгейде өткізіліп, оларды насихаттау мақсатында БАҚ-мен тығыз байланыс жасайды.
Музейдегі өткізілетін іс-шаралар, онлайн бейнелекциялар, тарихи деректер және сол сияқты көптеген ақпараттар музейдің әлеуметтік желідегі парақшаларында ресми сайтында (www.repressia.kz) тұрақты жарияланып отырады. Қазіргі уақытта музей әлеуметтік желіні пайдалана отырып «Ұрпақтар еске алады», «Музей мұрағатынан», «Алаштың асыл арыстары», «Алаш айтқан асыл сөз», «Жарқын естеліктер», «Дүниеге келер бір рет», «Алаштың ардақты аналары» атты жобалар мен айдарлар жүзеге асырылуда.
Instagram: kuginsurgin_muzei
Fecebook:Саяси қуғын –сүргін құрбандары музейі
TikTok: repressia.kz2001
Почта:
Жұмыс уақыты:
Дүйсенбі – жұма 09:00-18:00
Сенбі – 09:00-13:00
Мекенжайы: Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы,
Қайрат Рысқұлбеков көшесі 14 А,
Байланыс тел.: +7 (7252) 21-01-40
Бөлім меңгерушісі
Әбдіқали Біржан Әбдіманатұлы
Ескі қалашық – Шымкент қаласының тарихын айшықтайтын, тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық нысан. Ескі қалашықтың көлемі - 4,5 га. Кешен қазіргі мегаполистің оңтүстік бөлігінде, қала деңгейінен биік орналасқан. 2021 жылы 1-мамырда «Шым қала» тарихи - мәдени кешені келушілерге өз есігін айқара ашты.
Бүгінгі таңда көне қала тарихын зерттеу үшін үздіксіз археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп келеді. Тарих ғылымдарының докторы, архелог, ҚР ҰҒА академигі Б.Байтанаев сол зерттеулерінің негізінде 2012 жылы «История Шымкента» атты көлемді ғылыми еңбек жазып шығарды. Ол басқарған экспедиция 2003-2004 жылдардағы қазба нәтижесінде қаланың 2200 жылдық тарихы 2019 жылы ЮНЕСКО көлемінде мойындалып, Халықаралық іс-шаралардың тізіміне кірді.
Ортағасырда қала үш бөліктен тұрған: Цитадель, Шахристан және Рабат. Аталған құрылым бөліктері 1500 жылдай уақыт сақталған.
Рабат– шахристаннан тыс жерде орналасқан қала маңындағы қарапайым халық тұратын елді мекен. Шахристан - Иран сөзінен «шахр» - «қала», «стан» - «орын» деген сөзді білдіреді. Орта Азиядағы ерте феодалдық қаланың аумағы.
Ал, цитадель (орда) – қаланың қамалмен қоршалған бекіністі орталық бөлігі. Онда патша сарайы және әкімшілік басқару орындары, қала билеушісінің үйлері орналасқан.
X-XII ғғ. тұрғын жайлар кешенінде бірнеше бөлмелерден тұратын Шахристанның оңтүстік бөлігінде орналасқан ас үй сыпасы мен ошақ, закромасы бар құрылыс кешені табылды. Бөлме едендеріне күйдірілген кірпіш төселген.
XVI-XYIII ғғ. тұрғын жайлар кешені. Тұрғын бөлмелері саз кірпіштен немесе шахсадан тұрғызылған. Бөлмелер сыпасы бар тандыр пештермен жылытылған. Едендері сыланып, әр үйдің немесе бөлменің шыға берісінде ташнау болған(Ташнау қалдық су төгетін саңлау). Сонымен қатар, Шахристан аумағынан 1,5-2 м көлемінде сүйек жолдары аршылған. Жол төрт түлік мал сүйектері және керамика қалдықтарымен араласып төселінген.
Ұстахана және ұста баспанасы
2020 жылғы археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде батыс Шахристан аумағынан темір бұйымдар табылып, мұнда ұстахана болғандығы анықталды. Музейлендіру жұмыстарына сәйкес XVII-XVIII ғғ. тиесілі ұстахана және ұста баспанасы жасалынды. Ата-бабаларымыз түрлі шикізат пайдалана отырып, тұрмысқа қажетті тұтыну бұйымдарын, сан-алуан әсемдік әшекейлерді,қару-жарақтарды жасаған. Ұсталық кәсіпті «киелі өнер», ал ұстахананы «киелі орын» деп санаған. Ұстагершілік әкеден балаға мұра болып қалып отырған.
Б.д.д II-IY ғғ. ғибадатханасы
Ғибадатхана жіңішке ұзын дәлізі бар үлкен бөлмеден тұрады. Бөлменің ішінде жиырмадан астам хұм, хұмшалардың сынықтары, сонымен қатар тандыр ошақтары бар екі бөлме табылған. Ғибадатханада зороастризмге байланысты әдет-ғұрыптардың белгілері табылған.
«Цитадель» экспозиция залы
Цитадель - қорғанның бекініс құрылыстармен қоршалған орталық бөлігі. Ортағасырлық қалалардың ішінен тұрғызылатын бекініс құрылысы. Билеуші сарайы, әкімшілік және діни ғимараттар осы цитадельдің ортаңғы өзегін құрайды.
Жасақталған экспозиция залдары:
- Шымкент артефактілері;
- Салт-дәстүр және әдет-ғұрыптар;
- Көне Шымкент тұрғындарының өмірі мен тұрмысы;
- Оңтүстік Цитадель.
Жер асты экспозиция залы
Қамалдың қорғаныс қабырғасына жапсарлас салынған шығыс мұнарасының өзіндік тарихы сақталған. Бұл жаугершілік заманда қала халқына қауіп төнген жағдайда жаудан қорғану қызметін атқарған, жерасты бекінісі болған.
Жасақталған экспозиция залдары:
- Құтқару сатысы;
- Бақыт галереясы;
- Өмір жолы.
Instagram: shymkentmuseums
Fecebook: Шымкент қалалық музейлер бірлестігі
TikTok: qamal_shymkent
Эл. почта:
Жұмыс уақыты: Сейсенбі-жексенбі 09:00-18:00
Мекенжайы: Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Әйтеке би 30/29
Бөлім меңгерушісі
Советов Али Советұлы
Гимн Республики Казахстан
Гимн – это один из главных символов государства. Сам термин «гимн» происходит от греческого слова «gimneo» и означает «торжественная песня». Гимн выступает в качестве важной звуковой символики, имеющей ключевое значение для эффективной социально-политической консолидации и этнокультурной идентификации граждан страны.
В истории независимого Казахстана государственный гимн страны утверждался дважды – в 1992 и в 2006 годах.
После обретения республикой государственного суверенитета в 1992 году был объявлен конкурс на музыку и текст гимна Казахстана. По итогам конкурса было принято решение сохранить музыкальную редакцию гимна Казахской ССР. Таким образом, авторами музыки первого казахстанского гимна стали Мукан Тулебаев, Евгений Брусиловский и Латиф Хамиди. В конкурсе на лучший текст также победил авторский коллектив, представленный известными поэтами: Музафаром Алимбаевым, Кадыром Мырзалиевым, Туманбаем Молдагалиевым и поэтессой Жадырой Дарибаевой.
В целях популяризации звуковой символики страны в 2006 году был принят новый государственный гимн. Его основой стала популярная в народе патриотическая песня «Менiң Қазақстаным». Она была написана в 1956 году Шамши Калдаяковым на стихи Жумекена Нажимеденова. Для придания песне высокого статуса государственного гимна и более торжественного звучания Первый Президент Казахстана - Елбасы Нурсултан Назарбаев доработал первоначальный текст. Парламент Казахстана на совместном заседании палат 6 января 2006 года внес соответствующие поправки в Указ «О государственных символах» и утвердил новый государственный гимн страны.
Гимн Республики Казахстан
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай,
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
Флаг Республики Казахстан
Флаг – это один из главных символов государства, олицетворяющий его суверенитет и идентичность. Термин «флаг» происходит от нидерландского слова «vlag». Флаг - это прикрепленное к древку или шнуру полотнище установленных размеров и цветов, обычно с изображением на нем герба или эмблемы. С древних времен флаг выполнял функции объединения народа страны и его идентификации с определенным государственным образованием.
Государственный флаг независимого Казахстана был официально принят в 1992 году. Его автором является художник Шакен Ниязбеков.
Государственный флаг Республики Казахстан представляет собой прямоугольное полотнище небесно-голубого цвета с изображением в центре солнца с лучами, под которым – парящий орел (беркут). У древка – вертикальная полоса с национальным орнаментом. Изображение солнца, его лучей, орла и национального орнамента – цвета золота. Соотношение ширины флага к его длине – 1: 2.
В традициях геральдики каждый цвет символизирует определенное понятие. Так, небесно-голубой цвет символизирует честность, верность и безупречность. Кроме того, небесно-голубой цвет имеет глубокое символическое значение в тюркской культуре. Древние тюрки всегда почитали небо своим богом-отцом, а их небесно-голубое знамя символизировало преданность отцу-прародителю. На государственном флаге Казахстана он символизирует чистое небо, мир и благополучие, а одноцветие фона – единство нашей страны.
Исходя из геральдических канонов, солнце символизирует богатство и изобилие, жизнь и энергию. Поэтому лучи солнца на флаге страны имеют форму зерна – символа достатка и благополучия. Изображение солнца в государственной атрибутике Казахстана подтверждает его приверженность общечеловеческим ценностям и свидетельствует о том, что новое молодое государство полно жизнеутверждающей энергии и открыто всем странам мира для партнерства и сотрудничества.
Образ орла (беркута) является одним из главных геральдических атрибутов, издавна применяемых в гербах и флагах многих народов. Этот образ обычно воспринимается как символ власти, прозорливости и великодушия. Парящий под солнцем беркут олицетворяет собой силу государства, его суверенитет и независимость, стремление к высоким целям и устойчивому будущему. Особое место занимает образ беркута в мировоззрении евразийских кочевников. Он ассоциируется у них с такими понятиями как свобода и верность, чувство достоинства и мужество, мощь и чистота помыслов. Стилизованный силуэт золотого беркута отражает стремление молодого суверенного государства к высотам мировой цивилизации.
Важным элементом государственного флага является расположенная у его древка вертикальная полоса с национальным орнаментом. Казахский орнамент – одна из форм специфического художественного восприятия мира в строгом соответствии с эстетическими вкусами народа. Представляющий собой гармонию различных форм и линий, он является выразительным средством раскрытия внутреннего мира народа. Национальный орнамент вдоль древка символизирует культуру и традиции народа Казахстана.