2009 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің қолдауымен «Абай музейінің» ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев келіп, алғашқы көрермен ретінде жаңа ашылған музеймен танысып, өзінің оң бағасын берген болатын. «Абай музейі» Шымкент қаласының Абай ауданы, Абай саябағында орналасқан.
Аумағы 950 м.кв алып жатыр, музей ғимаратының жалпы ауданы 490 м.кв., экспозиция ауданы 345 м.кв.
2024 жылдың қараша айынан «Шымкент қалалық музейлер бірлестігі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына қарасты «Абай музейі» бөлім ретінде өз қызметін атқарады.
Музей 4 залдан тұрады:
- Зал Абайдың балалық шағынан даналық шағына дейін айтылады
- Абайдың жұмыс бөлмесі.
- Абайдың шығармашылығы және шәкірттері мен абайтанушылар.
- Медиязона дөңгелекүстөл, іс -шаралар, Абай шығармармаларымен танысатын кітапханадан тұрады.
Почта:
Instagram: abaimuseum_
Facebook: abaimuseum
Жұмыс уақыты:
Дүйсенбі – жұма 09:00-18:00
Мекенжайы: Шымкент қаласы, Тұран аудан, Б. Момышұлы 20 В
Бөлім меңгерушісі
Үркінбаева Жанар Шамшидинқызы