Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде 21-31 мамыр күндері аралығында 10 күндік іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда:
- «Қанды қырғын құрығы» атты тақырыптық тур
- «Тарих. Тағзым. Тұлға» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
- «Тағзым мен тағылым: Ұрпаққа аманат» тақырыбында онлайн конкурс
- «Алаш арыстары» тақырыбында көрме
- «Қасірет» мемориалында тазалық күні
- «Алаш – Орда мұрасы» атты квест ойыны
- «Тарихқа тағзым» атты квиз интеллектуалды ойыны
- «Зұлмат жылдар жаңғыры» тақырыбында депортация құрбандарының ұрпақтарымен дөңгелек үстел
- «Тарих. Тағдыр. Тағзым.» тақырыбында поэзиялық кеш
- «Еске алу шырағы» акциясы
- 31 мамыр – саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күніне орай ашық есік күні.