«Шымкент қалалық музейлер бірлестігі» МКҚК
Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының

Тарих және мәдениет ескерткіштері мынадай түрлерге бөлінеді:
      1) археология ескерткіштері;
      2) қала құрылысы және сәулет ескерткіштері;
      3) ансамбльдер мен кешендер;
      4) киелі объектілер;
      5) монументтік өнер құрылыстары.

Бүгінгі таңда, Шымкент қаласы бойынша 188 тарихи-мәдени мұра обьектілері есепке алынды. Оның 70 – археология, 9 - қала құрылысы және сәулет,   3 - киелі  нысандар болса, 106 – монументті өнер құрылыстары (ескерткіштер мен бюсттер). 
Аталған мәдени мұра объектілерінің 7-і (Сайрам (Испиджаб) қалашығы, VІІІ-ХVІІ ғ.,  Әбдел-Әзіз баб кесенесі, XIII-ХVIІI ғ., Ибрагим ата кесенесі, XIII-ХVIІI ғ., Қожа Салық кесенесі, XIII-ХVIІI ғ., Мірәлі баб кесенесі, XIII-ХVIІI ғ., Қарашаш ана кесенесі, XII-ХVIІI ғ.,  Хызыр мұнарасы, ХІХ ғ.) республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілсе, 8-і (Металлургтар сарайы 1950 ж. ортасы, Тұрғын үй ХХ ғ. басы, Никольский шіркеуі ХХ ғ. басы, Мектеп 1950 ж. ортасы, Шымкент қалашығы б.з.д ІІІ-ІІ ғғ. б.з.-ХІХ ғғ., Оба (патшалық) І-ІV ғғ., Оба қорымы (4) б.з.д. І мың ж.,  Жеке оба б.з.д. І мың ж.) жергілікті маңызы бар мемлекеттік тізімге енгізілген.
Алдын ала есепке алу тізіміне алынған қалған тарихи-мәдени мұра объектілеріне алдағы уақытта әкімдіктің жанынан құрылған тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияның отырыстарында тиісті мәртебе беру мәселесі қаралып, жоспарлы түрде мемлекеттік тізімге енгізілетін болады.