«Шымкент қалалық музейлер бірлестігі» МКҚК
Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының

Шым қала тарихи-мәдени кешені халықаралық қонақтарды қабылдады. Кешенге Бельгия Корольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі мен Грузия елшілігінің өкілдері арнайы келіп, көне шаһардың тарихымен, археологиялық жәдігерлерімен және тарихи нысандарымен танысты.Сапар барысында қонақтарға ортағасырлық Шымкенттің қалыптасу кезеңдері, қаланың қорғаныс жүйесі, тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі мен мәдени мұралары жөнінде кеңінен ақпарат ұсынылды. 
Сонымен қатар, кешен аумағындағы қалашық құрылымы, археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері және тарихи қабаттардың ғылыми маңызы таныстырылды.
Кездесу аясында мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту, тарихи-мәдени мұраны сақтау және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Аталған сапар екіжақты мәдени әріптестікті тереңдетуге және ұлттық тарихи мұраны халықаралық деңгейде насихаттауға бағытталған маңызды қадам болды.