Шымкент қаласындағы «Ерлік» музейі 2025 жылдың сәуір–мамыр айларында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мазмұнды 10 күндік патриоттық іс-шаралар циклін өткізді.
Ардагерлермен кездесулер, көшпелі көрмелер, жастармен дөңгелек үстелдер, әскери құрылымдармен бірлескен кездесулер мен мемориалдық тағзым шаралары арқылы Отан үшін жанын пида еткен батырлардың ерлігі дәріптелді.
Іс-шаралар легіне Қарабақ соғысы ардагерлері, ҰОС ардагерлері мен ұрпақтары, құқық қорғау органдары, жастар ұйымдары, жоғары оқу орындары, сондай-ақ қала тұрғындары белсене қатысты.
«Мәңгілік ерлік – ұрпақ жадында!» деген ұранмен өткен бұл шаралар жас ұрпаққа тағылымды тәрбие беріп, елге деген сүйіспеншілік сезімін арттырды.