«Шымкент қалалық музейлер бірлестігі» МКҚК
Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының

2025 жылғы 22–24 шілде аралығында «Шымкент қалалық музейлер бірлесті» МКҚК-ы «Сайрам» және «Ерлік» музейлері бөлімдерінің қызметкерлері өзара кәсіби тәжірибе алмасу мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи музейіне іссапармен барды.

Іссапар барысында қызметкерлер музей ісінің құрылымдық жүйесімен, ғылыми-зерттеу, қор сақтау, экспозициялық және экскурсиялық бағыттағы жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар, музей саласындағы заманауи әдістемелер мен жаңа форматтағы жұмыс тәсілдері жөнінде тәжірибе жинақтады.

Аталған іссапар кәсіби біліктілікті арттыруға, музей ісінің заманауи талаптарға сай ұйымдастырылуын қамтамасыз етуге және әріптестік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды шара болды