16 - 19 маусым күндері аралығында «Саяси қуғын - сүргін құрбандары музейі» бөлімінің қызметкерлері З.Мұратбекова, Н.Медетбекова, А.Байдалиева, Г.Андасбекова ҚарЛаг музейі (Долинка кенті), АЛЖИР музей - мемориалдық кешені (Ақмола облысы), сондай-ақ Сәкен Сейфуллин музейіне (Астана қаласында) тәжірибе алмасу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында іс-сапарлармен барды. Атап айтқанда:
16 маусым күні музей қызметкерлері Қарағанды облысы Долинка кентінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау музейіне;
17 маусым күні Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-музей кешеніне;
18 маусым күні Сәкен Сейфуллин музейінде болды.



