«Шымкент қалалық музейлер бірлестігі» МКҚК
Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының

2025 жылғы 4 - 11 тамыз аралығында «Шымкент қалалық музейлер бірлестігі» МКҚК қызметкерлері Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Семей қаласында өткен мәдени іс - шараларға қатысып, іссапармен барды.

Іссапар барысында «Шежірелі Шымкент» атты этнографиялық көрме ұйымдастырылып, оның экспозициясында Шымкент қаласының тарихи - мәдени құндылықтары, ұлттық салт - дәстүрлері мен қолөнер туындылары көпшілік назарына ұсынылды.

Аталған шараның негізгі мақсаты - Абай мұрасын дәріптеу, ел руханиятын нығайту және өңірлер арасындағы мәдени ынтымақтастықты арттыру болды. Семей қаласының жұртшылығы көрмеге үлкен қызығушылық танытып, оң пікірлерін білдірді.

Іссапар қорытындысы бойынша мәдени байланыстарды кеңейтуге және ұлттық құндылықтарды насихаттауға елеулі үлес қосылды.