«Шымкент қалалық музейлер бірлестігі» МКҚК
Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының

Атырау қаласында «Шығыс пен Батыс тоғысқан Сарайшық: Ұлы даладағы тарих және мәдениет» атты халықаралық ғылыми симпозиум өтуде.

Іс-шараға еліміз бен шетелдің жетекші ғалымдары, сондай-ақ ТҮРКСОЙ ұйымының өкілдері қатысуда.

Симпозиум барысында Шымкент қалалық музейлер бірлестігі ТҮРКСОЙ Музейлер одағының мүшелігіне қабылданып, арнайы сертификатпен марапатталды.

Бұл — бірлестік үшін халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және музей ісін дамытуға бағытталған маңызды қадам.