«Шымкент қалалық музейлер бірлестігі» МКҚК
Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының

2025 жылғы 18 мамырда Халықаралық музейлер күніне орай Шымкент қаласында кең ауқымды мәдени іс-шара — «Музей түні» жобасы өтті. Шараның басты орны — қаланың тарихи орталығында орналасқан «Шым қала» тарихи-мәдени кешені болды.

Мерекелік кештің аясында «Шым қала жәдігерлері» атты жаңа көрме залы ашылып, көпшілік назарына ұсынылды. Залда Шымкент қаласы мен оған іргелес өңірлерден табылған археологиялық жәдігерлер қойылып, қаланың көне тарихынан сыр шертілді.

Іс-шара қонақтары үшін қолөнершілер жәрмеңкесі, шеберлік сағаттары, экскурсиялар ұйымдастырылып, кештің ерекшелігі ретінде танымал әнші Қайрат Түнтеков жоба аясында жұлдызды гид ретінде музей экспозицияларын таныстырды.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының әртүрлі музейлерінде театрландырылған көріністер көпшіліктің ыстық ықыласына ие болды. Атап айтқанда:

  • Ж.Шанин атындағы Қазақ драма театры – Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде,
  • Орыс драма театры – Ерлік музейінде,
  • Опера және балет театры – Хәкім Абай музейінде,
  • Өзбек драма театры – Сайрам музейінде арнайы қойылымдар ұсынды.

Шара соңында Шымкент қаласының өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарлама өтті. Сонымен қатар мәдениет және музей саласының үздік мамандары марапатталды.

Ауқымды іс-шараға тарихшылар, археологтар, өнертанушылар, өлкетанушылар, зиялы қауым өкілдері, БАҚ қызметкерлері мен қала тұрғындары қатысты.